Ақмола тұрғыны 17 жастағы жасөспірімнен ақша бопсалаған
Ақмола тұрғыны 17 жастағы жасөспірімнен ақша бопсалаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 қарашада Степногорск қаласының Полиция басқармасына 42 жастағы жергілікті тұрғынның өтініші келіп түсті. Әйелдің айтуынша, биылғы жылдың наурызынан бастап бейтаныс жігіт 17 жастағы ұлынан 1,5 млн теңге талап еткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жақын маңдағы кенттің уақытша жұмыс істемейтін 21 жастағы тұрғыны анықталды.
Полиция басқармасы осы факті бойынша ҚР ҚК 194-бабының 1-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Келу туралы міндеттеме түріндегі іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы таңдалды.