Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлеріне жүргізушілер жолда көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

Ақмола полицейлеріне жүргізушілер жолда көмек көрсеткені үшін алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорданың 27 жастағы тұрғыны Ақмола полицейлеріне алғыс сөздерімен бейнеролик жіберді.

4 желтоқсанда сағат 17:30 шамасында патрульдік полиция ротасының қызметкерлеріне Әлнұр Өмірзақов пен Ғани Абдуалиевке «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 164 шақырымында елорда бағытында Kia Сerrato ақаулы автокөліктің бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары шетелдік көлікті көрді, оның салонында жүргізуші мен екі жолаушы болды. Жүргізушінің айтуынша, генератор істен шығып, батарея отырған. Ол ақауды жалғыз өзі жөндей алмаған. Авариялық аялдама туралы белгі қойып, елорда тұрғыны «102» пультіне қоңырау шалып, аяз кезінде жолда қиын жағдайға тап болғанын хабарлады. Жас жігіт пен екі жолаушы тәртіп сақшыларының қызметтік көлігінде жылыды.

Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері көлікті жақын маңдағы дәмханаға сүйреп апарды, онда жүргізуші мен шетелдік көліктің екі жолаушысы эвакуатордың келуін күтті. 

– Келген полицейлерге үлкен рақмет. Тоңып қалар едік, – делінген видеода.

Алғыс сөздері бар тағы бір бейне патрульдік полиция ротасының «Бақай 7 П1» патрульдік экипажына Нұрғазы Тұрар мен Ерден Қуанышбаевке жолданды.

3 желтоқсан күні сағат 16:00 шамасында патрульдеу бағытын тексеру кезінде полицейлер Ерейментау қаласы бағытындағы «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 86 шақырымында тұрған MAN автокөлігіне назар аударды. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі көлікте электр ақаулары бар екенін айтты. Көмекке келген полиция қызметкерлері Астанадан эвакуаторды шақырды. Шамамен 4 сағат бойы олар жүргізушінің қасында болып, тасымалдайтын жүктің сақталуын қамтамасыз етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру