Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемен тұрғыны ойын консолін жалға алып, ізін жасырған

Өскемен тұрғыны ойын консолін жалға алып, ізін жасырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөліміне 30 жастағы кәсіпкер алаяқтық фактісі туралы өтініш білдірген.

Оның айтуынша, бейтаныс жігіт одан ойын консолін жалға алған, алайда қайтаратын уақыты келгенде, ол телефонды өшіріп, жоғалып кеткен. Осылайша, шамамен 300 мың теңге сомасында залал келтірген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтап, ұстаған. Ол – 24 жастағы Өскемен тұрғыны. Күдікті жасаған әрекетін мойындаған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жас ойын әуесқойын екі жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы күтілуде. Қазіргі уақытта ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру