Абай облысында ҚАЖ қызметкерлері Қайрат Рысқұлбековтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Абай облысында ҚАЖ қызметкерлері Қайрат Рысқұлбековтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәуелсіздік күні Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №21 мекемесінің қызметкерлері Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың ескерткіші жанына жиналып, батыр рухына тағзым етті.
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні Желтоқсан көтерілісіне қатысқан боздақтарды еске алуға арналған шара өтті. Азаттық жолында жанын пида еткен, еркіндік аңсаған азаматтардың құрметіне №21 мекеменің қызметкерлері жиналды. ҚАЖ қызметкерлері Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.
– Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік әр қазақстандық үшін қастерлі де ұлық мереке. 1986 жылы еркіндікті аңсаған жастарымыз тоталитарлық жүйеге қарсылық білдіріп, Алматының орталық алаңына шықты. Солардың бірі – халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков. Жастайынан қыршын кеткен қазақ ұлының рухы ешқашан өшпейді. Азаттық жолында құрбан болған Қайрат Рысқұлбеков сынды жалынды жастардың ерлігі бүгінгі ұрпаққа үлгі, – мекеме бастығының Тәртіп және жедел жұмыстары бойынша орынбасары С. Алтаев.