Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан мен Эстония арасында адамдардың реадмиссиясы туралы келісімге қол қойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстония Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімге қол қою рәсімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігінде 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстония Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.

Бұл келісім екі мемлекеттің аумақтарына келу, болу немесе тұру және заңсыз көші-қонға қарсы күрес шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтататын адамдарды анықтау және қауіпсіз, оңайлатылған тәртіппен қайтару рәсімін айқындау мәселелерінде Қазақстан мен Эстонияның құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық негізін қалыптастырады.

Қазақстан тарапынан Үкімет атынан келісімге Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қол қойды.


Эстония тарапынан – Эстония Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тоомас Тирс тиісті рәсімдерді атқарды.

Тараптар осы қол қойылған келісім екі елдің екіжақты ынтымақтастығына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру