Мамандандырылған құқық қорғаушылар ІІМ академиясында киберқылмысқа қарсы күрес бойынша білім алады
Мамандандырылған құқық қорғаушылар ІІМ академиясында киберқылмысқа қарсы күрес бойынша білім алады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша Алматы академиясының базасында құқық қорғау және арнайы органдардың басшыларымен киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел бөлімшелердің қызметкерлерін оқыту бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Сәденов іс-шарада ақпараттық технологиялар мен цифрлық сервистерді ғылыми-зерттеу қызметіне және жаңа форматтағы қызметкерлерді даярлау жүйесіне белсенді енгізу қажеттігін атап өтті.
Министрлік Алматы академиясының бірыңғай білім беру алаңында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі мамандардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыруды ұсынды.
Сонымен қатар қатысушыларға талқылау үшін білім беру бағдарламалары, модульдер және оқытуға тартылған дәріскерлер пулы ұсынылды.