Шымкентте төрт күнде 7 автокөлікті айдап әкеткен
Шымкентте төрт күнде 7 автокөлікті айдап әкеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы аумағында “Автокөлік”, “Айдап әкету” жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланып, нәтижесінде автокөліктерді заңсыз айдап әкету деректері анықталды. Төрт күннің ішінде 7 автокөлікті айдап әкету жайты ашылған.
Айта өтетін ақпарат, бұл іс-шара 12-15 желтоқсан аралығын қамтыды. Мақсаты – автокөлік ұрлығы мен айдап әкетуге қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған.
Аталған акция аясында міндетті түрде Шымкент ҚПД жанынан жедел-тергеу топтары құрылып, олардың күшімен күдікті адамдарды шұғыл іздестіру және жан-жақты тергеу әрекеттер кешені жүзеге асырылып келеді.