Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл тұрғыны есірткі саудалағаны үшін 11 жылға сотталды

Петропавл тұрғыны есірткі саудалағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері есірткіні өткізу аса ауыр қылмыс екенін еске салады. Ол үшін заңнамамен қатаң жауапкершілік көзделген.

Наурыз айында СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала тұрғынының есірткі сатты деген күдікпен ұсталғаны туралы хабарлады. Ол кезде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері 2 келі марихуананы өткізу әрекетінің жолын кесті. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайында тағы 12,5 келіге жуық марихуана салынған пластикалық қапшық пен 143 грамм гашиш тәркіленді. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Қазіргі уақытта 28 жастағы азамат 11 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатыр.

– Жыл басынан облыста өткізу мақсатымен есірткі сақтағаны үшін барлығы 17 адам сотталды. Үкімдердің басым бөлігі 10 жылдан асады, – дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру