Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында автожолда иесіз жүрген 20 жылқы анықталды

Павлодар облысында автожолда иесіз жүрген 20 жылқы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Солнечный кентінің полиция қызметкерлері Екібастұз-ГРЭС-2 автожолының бойында 20 жылқы иесіз жүргенін анықтады.

– Жылқылар арнайы айып тұрағына қамалды. Жылқылардың иесі анықталды, ол өзінің шаруа қожалығында тұратын Солнечный ауылының 54 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 3 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар мал иесіне құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынылды, – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.

Тәртіп сақшысының айтуынша, полицейлер Қоянды ауылында – 13, Құлакөл ауылында – 8 жылқы, Ақжолда бір жылқы иесіз жайылып жүргенін тіркеген. Олардың барлық иелері анықталып, ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға айыппұл төлеуге тура келеді.

Полицейлер биыл осыған ұқсас құқық бұзушылықтар үшін 241 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Мамандандырылған тұрақтарға 1098 бас ірі қара орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру