Қарағанды облысында ауыл тұрғыны кәсіпорыннан екі радиостанцияны ұрлап кеткен
Қарағанды облысында ауыл тұрғыны кәсіпорыннан екі радиостанцияны ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кәсіпорын басшылығы Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық ішкі істер бөліміне жүгінген. Анықталғандай, тасымалданатын радиостанциялардың бар-жоғын бақылау барысында аудандағы ауылдардың бірінде орналасқан өндіріс орнында осындай екі құрылғының жоғалып кеткені анықталған. Келтірілген жалпы шығын 412 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 27 жастағы ауыл тұрғынын анықтап, ұстады. Ол өндіріс орнына барғанын, ол жерде қараусыз тұрған екі рацияға назар аударғанын түсіндірді. Мүмкіндікті пайдаланып, қаскүнем таратқыштарды ұрлады. Жабдық спецификалық болып шықты, ал күдікті оны пайдалана алмады.
Радиостанциялар тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.