Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде салынып жатқан нысанға ұрлыққа түскен күдікті анықталды

Ақтөбеде салынып жатқан нысанға ұрлыққа түскен күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға «Есет батыр» Т/А тұрғын үй салатын құрылыс фирмасының өкілі жүгінді. Оның айтуынша, салынып жатқан нысанның жертөлесінен жылыту радиаторлары, мыс кабелі, металл кесетін дискілер ұрланған.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында «ізін суытпай» 27 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Күдіктінің автокөлігінен 10 жылыту батареясы, 30 кесетін диск, кабель және 63 есептегіш сүзгі тәркіленді. Алдын ала тергеу барысында күдіктінің салынып жатқан нысандардан тағы екі осындай сантехника ұрлығына қатысы бар екені анықталды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру