Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте заңсыз құс аулаумен айналысқан адам ұсталды

Шымкентте заңсыз құс аулаумен айналысқан адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы Табиғатты қорғау тобының қызметкерлері рейдтік іс-шара өткізді. Шараның басты мақсаты табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.

9 қаңтарда «Жабық базарға» заңсыз ауланған пайызторғайды алып келген тұлға анықталды. Құқық бұзушы азаматқа қатысты ӘҚБтК-нің 382-бабының 1-бөлігімен (Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК айыппұл салынды.

Тәртіп сақшылары заңсыз аң, құс аулап, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру