Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы – Өскемен тас жолында ЖКО болды: 2 адам көз жұмды

Алматы – Өскемен тас жолында жол-көлік оқиғасы болды. Жол апаты салдарынан 2 адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Hyundai Accent жеңіл автокөлігі мен автогрейдердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы 11 қаңтарда Сарқан ауданында болды. Оқиға орнында екі адам қаза тапты. ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

– Алматы – Өскемен автожолының 448 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Hyundai Accent көлігінің жүргізушісі 50 жастағы ер адам рөлді басқара алмай, қарсы келе жатқан КамАЗ көлігімен соқтығысты. Оқиға орнында жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен 34 жастағы жолаушы әйел қаза тапты, – деп хабарлады облыстық ПД ППБ 5-взводының командирі Асхат Әмірхамзаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру