Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полицейлері есірткі қойып кетушіні ұстады

Қостанай полицейлері есірткі қойып кетушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қаңтарда «Рефлекс» жедел алдын алу шарасы шеңберінде Қостанай облысының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде есірткі жеткізумен айналысқан 23 жастағы күдіктіні ұстады.

Ол облыс орталығының көппәтерлі үйінің ауласында ұсталды. Жеке тінту кезінде қызыл түсті ұнтақ заты бар екі полиэтилен пакет тәркіленді. Сараптама нәтижесінде тәркіленген зат «Психотроптық зат А-PVP» есірткісі екені белгілі болды. Жалпы салмағы 20,08 гр-ден асады. 

Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Баптың санкциясы мүлікті тәркілей отырып, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Қазіргі таңда жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру