Алматы полициясы оқушыларға жол ережесін түсіндірді
Алматы полициясы оқушыларға жол ережесін түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Жол ережесін сақтайық! Аман-есен болайық!» науқанының басты мақсаты – балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу және мектеп оқушыларының жолда қауіпсіз іс-әрекетін қалыптастыру.
Жедел алдын алу іс-шарасы аясында қаладағы жалпыға білім беретін мектептерде балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар кешені тәрбиелік және сыныптан тыс жұмыстарды, ата-аналармен жұмысты, ақпараттық қолдауды қамтиды.
– Ауданымыздағы мектептердің бірінде бастауыш сынып оқушылары арасында балалардың тез әрі қызықты қабылдауы үшін сұрақ-жауап форматында тақырыптық ашық сабақ өтті. Полицейлер балаларға жолда қандай жағдайлар туындауы мүмкін екенін ойын түрінде көрсетті. Балалар – біздің болашағымыз, сондықтан олардың өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмеу керек. Жол әлі де жарақат алу және өлім қаупі жоғары орын болғандықтан, бала кішкентай кезінен бастап жолда жүру ережелерін және көшеде өз-өзін қалай ұстау қажет екенін толық білу керек. Жоспарланған іс-шаралар аясында балалардың алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдылары қалыптасады. Балалар жолда жүру ережелері туралы білімдерін кеңейтіп, тәжірибелерімен бөлісті, жолдан қалай дұрыс өтудің жолдарын айтты, – деді Алатау аудандық ПБ ӘПБ аға мемлекеттік автоинспекторы Қуаныш Табеев.
Сонымен қатар спикердің айтуынша, аудан жолдарындағы апаттылықты азайту мақсатында тұрақты негізде көше-жол желісін зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тексеріс нәтижелері бойынша жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пәрменді шаралар қабылдау бойынша ұсыныстар уақытылы жолданып жатыр.