Ақмола облысында іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Ақмола облысында іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 қаңтарда Көкшетау қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Алматы қаласында іздестіру іс-шаралары барысында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.
2016 жылы іздеуде жүрген адам ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуді белгілеумен сотталған болатын.
2021 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаннан кейін ер адам ішкі істер органдарынан жасырынып жүрген.
Тәртіп сақшылары қабылдаған жедел іс-қимылдар Ақмола облысының тұрғынын іздеуге және ұстауға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушы қамауға алынды. Полиция қызметкерлері одан әрі жедел-тергеу іс-қимылдарын жүргізіп жатыр.