Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана тұрғындарына шетелдік автокөлікті заңдастыруға уәде берген алаяқ анықталды

Астана тұрғындарына шетелдік автокөлікті заңдастыруға уәде берген алаяқ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқоңыр ауданының полиция басқармасына қала тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы арызданған. Ресейлік есептегі автокөліктің иесі белгісіз бір ер адаммен танысқаны белгілі болды. Ол шетелдік көлікті заңдастыруға көмектесуге уәде берген. Бейтаныс адамға сеніп, астаналық оған 250 мың теңге берген. Ақшаны алғаннан кейін «көмекші» белгісіз бағытта қашып кетті.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер алаяқтыққа қатысы бар 35 жастағы ер адамды ұстады. Тергеу барысында бұл алаяқтың алғашқы құрбаны емес екендігі анықталды. Сол сияқты, ол қысқа мерзімде жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде беріп, тағы екі азаматты алдаған.

Аталғаy дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Елорда аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру