Ақтау полицейлері ер адамнан есірткі тәркіледі
Ақтау полицейлері ер адамнан есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 желтоқсан 2022 жылы Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратты іске асыру және Ақтау қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтау қаласында тұратын 1994 жылғы ШҚО тумасы, А. есімді азамат ұсталды.
Ұсталған адамның жалдамалы пәтеріне тінту жүргізу кезінде мефедрон синтетикалық есірткінің 320 байламы, марихуаннаның 13 байламы, екі электрондық таразы және 2,7 млн теңге сомасында қолма-қол ақша қаражаты табылды және тәркіленді. Пәтерді тінту барысында ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша мефедрон мен 3 жиынтық және электрондық таразы табылды.
Тәркіленген мефедронның жалпы салмағы – 946,32 грамм, марихуананың салмағы – 229,31 грамм.
Осы дерек бойынша ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінге тергеу басталды. Ұсталған адамға қатысты соттың санкциясымен қазіргі уақытта тергеу изоляторында қамауда. Қылмыстық іс бойынша қажетті жедел-тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.