Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының тұрғындары қой ұрлап, сойып алған

Қызылорда облысының тұрғындары қой ұрлап, сойып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шаған ауылының тұрғыны үй ауласындағы мал қорасының ішінен екі қойы ұрланғаны жөнінде полицияға арызданған. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары мен жедел-тергеу тобы жіберіліп, күдіктіні анықтау бағытында жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде сол ауылдың 25-26 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Олардың  ұрланған малды сойып үлгерген. Айғақты заттар алынды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-1 бабы 3- тармағымен ал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру