ШҚО полицейлері заңсыз балық аулаған үш жігітті ұстады
ШҚО полицейлері заңсыз балық аулаған үш жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бірінші жағдайда ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Өскемен-Самар тасжолының 25-ші шақырымында Самар ауданының 46 жастағы тұрғынының басқаруындағы автокөлікті тоқтатқан, ол автокөліктің багажында жалпы салмағы 240 келі болатын 11 қап Рипус балығын тиісті құжаттарсыз тасымалдаған.
Бірнеше күннен кейін сол тасжолда тәртіп сақшылары 220 келі рипусты құжатсыз тасымалдаған 39 жастағы азаматтың басқаруындағы Toyota маркалы автокөлігін тоқтатқан.
Екі факті бойынша материалдардың көшірмелері ҚР ҚК-нің 389-бабы (Өзiнше билiк ету) бойынша кінәлілерді жауапқа тарту үшін Зайсан-Ертіс РММ Бұқтырма балық инспекциясына облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына жолданды.
Күдіктілердің іс-әрекетінен жалпы залал шамамен 2,8 млн теңге сомаға бағаланады.
Ақсуат ауылында тағы бір ер адам ұсталды, оны Күршім ауданының ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері балық ресурстарын заңсыз аулау кезінде ұстаған. Оқиға орнынан: күрек, пешня, 100 метрлік шнур, қолғаптар, 35 келі көксерке және 69 келі Леш балығы тәркіленді.
Жауап алу барысында ер адам рұқсат құжаттарынсыз ҚХР өндірген синтетикалық моно талшық желісіне балық аулағанын айтып, мойындау айғақтарын берген. Келтірілген залал 378 мың теңгеге бағаланды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.