Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында пробация есебіндегі сотталған грант жабдығына ие болды

Ақтөбе облысының Қобда ауданында пробация есебіндегі сотталған грант жабдығына ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Қобда аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған “Самрұқ – Қазына” АҚ-ның қаржылық қолдауымен жүзеге асырылған “Табысты – отбасы” пилоттық жобасының қатысушысы атанып, грант жабдығына ие болды.

Қобда аудандық пробация қызметкерлерінің қолдауымен арнайы шақыртылған ментордан білім алып, көлікке компьтерлік диагностика жасайтын құралға ие болған сотталған болашақта көлік жөндейтін бекет ашуды жоспарлаған.

– Есепте тұрған азаматтың өз кәсібін ашқысы келетін ойын білгесін, оны аудандағы жұмыспен қамту бөліміне жолдадық. Жұмыспен қамту бөлімі одан әрі “Самрұқ – Қазына” АҚ-ға жолдап, аталған компанияның өкілінен автоэлектрик мамандығына білім алған сотталған қазіргі таңда ұтып алған грант жабдығы, яғни компьтерлік диагностика жасайтын құрал арқылы көліктердің жағдайын тексеріп, акаулары болса анықтап, табыс тауып жүр, – дейді Қобда аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Айгерім Жаңбырбаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру