Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері жоғалған қызды тауып, туыстарына табыстады

Шымкент полицейлері жоғалған қызды тауып, туыстарына табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Шымкент қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын перзентінің жоғалғаны туралы хабарлаған. Анасының айтуынша, қызы үйден кешкі сағат 20:45 шамасында белгісіз бағытқа шығып кетіп, үйіне қайта оралмаған.

Қаратау ауданы полиция басқармасының қызметкерлері хабарламаны алған бойда жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Сұрастыру жұмыстары қолға алынып, жақын маңайдағы бейнебақылау камералары жіті қаралды. Полиция қызметкерлерінің жүргізген нәтижелі жұмыстарының арқасында он жеті жастағы қыз қала аумағынан аман-есен табылып, дін-аман ата-анасына табысталды.

Тәртіп сақшыларының жедел әрекетіне тәнті болған қыздың анасы алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру