Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер ойын құрылғыларын алаяқтық жолмен иемденген жігітті анықтады

Түркістандық полицейлер ойын құрылғыларын алаяқтық жолмен иемденген жігітті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасына облыс орталығы тұрғындарының бірі арызданды. Ер адамның айтуынша, бейтаныс адам оның сеніміне кіріп, 2 дана PlayStation 5 ойын құрылғысын жалға алып, уақыты келгенде қайтармаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 800 мың теңге.

Бұл жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, қылмысты ашуға қажетті шараларды іске асырды.

Нәтижесінде алаяқтық жасады деген күдікпен Кентау қаласының тұрғыны анықталды.

Сезікті жас жігіт алаяқтық жолмен жалға алған ойын құрылғыларын Түркістан қаласындағы ломбардтардың біріне 280 мың теңгеге өткізіп жіберген.

Ойын құрылғылары заңды иесіне қайтарылды. Тергеу күдіктінің алаяқтықтың басқа да ұқсас деректеріне қатыстылығын анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру