Алматы полицейлері жаңа шағын ауданнан мопед ұрыларын құрықтады
Алматы полицейлері жаңа шағын ауданнан мопед ұрыларын құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері жаңа аудандарының бірінде екі мопед ұрысын ұстады.
– Қазіргі уақытта «дуэттің» үш мопед ұрлығына қатыстылығы анықталды. 32 жастағы А. есімді азамат пен 24 жастағы Т. есімді азамат заңсыз баю мақсатында, түнде көпқабатты үйлердің аулаларында қараусыз қалған көлік құралдарын «анықтап жүрген». Одан соң ұрлап, кейін жасырып қойған. Кейін олар көлік құралдарын қайта сатуды жоспарлаған, бірақ үлгермеген. Үш мопед тәркіленді және айғақты зат ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Жамбыл және Түркістан облыстарынан келгендердің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағандығы белгілі болды. Бұл эпизодтар ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша бір іс жүргізуге біріктірілді. Қазіргі уақытта тергеушілер күдіктілердің қаланың басқа аудандарында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.