Қызылорда облысында мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші жазаланды
Қызылорда облысында мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Профилактика апталығы» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Қызылорда қаласы ПБ патрульдік полициясының қызметкерлері 8 ақпан күні сағат 13:10 шамасында Сағынбаев көшесінде Audi автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында Audi көлігін басқарған 42 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тексеру барысында күдіктінің жүргізуші куәлігінің жоқтығы анықталды.
Көлік тізгіндеуші азамат Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2021 жылдың ақпан айында соттың шешімімен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) көлік құралын жүргізу құқығынан 7 жылға айырылғандығы белгілі болды.
Патрульдік полиция қызметкерлері оны наркологиялық диспансерге жеткізіп, сараптама қорытындысына сәйкес азамат «жеңіл» дәрежеде мас болғандығы анықталды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Автокөлік қазіргі уақытта айыппұл тұрағына қойылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.