Алматыда қалта ұрлығымен айналысқан «қылмыстық үштік» қолға түсті
Алматыда қалта ұрлығымен айналысқан «қылмыстық үштік» қолға түсті, – деп абарлайды Polisia.kz.
Ұрланған телефонды сатпақ болған үш қалта ұрысы ұсталды.
– Тұтқындауды Медеу аудандық полиция ,асқармасындағы әріптестерінің көмегімен КПБ арнайы тобының қызметкерлері жүргізді. Үш ер адам ойын-сауық мекемелерінде қалта ұрлығын жасады деген күдікке ілінді. Мәселен, өткен күні дәмханалардың бірінде келушінің IPhone телефоны ұрланған. Айыпталушылар мобильді құрылғыны сату кезінде ұсталды. Бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеудің осы кезеңінде осыған ұқсас екі эпизод анықталды. Күдіктілерге келсек, олар – Алматы облысының 35, 31 және 29 жастағы тұрғындары. Олардың екеуі бұрын мүліктік қылмыс, соның ішінде тонау жасағаны үшін бірнеше рет сотталған, – дейді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.