Қарағанды облысында кеңседен бағалы заттар ұрлаған күдікті қамауға алынды
Қарағанды облысында кеңседен бағалы заттар ұрлаған күдікті қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты шығыс полиция бөліміне сол аумақта орналасқан ЖШС-нің бірінде қызметкерлердің жоқтығын пайдаланған белгісіз біреу кеңседен бағалы заттар ұрлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Келтірілген шығын көлемі 2,5 млн теңгені құраған. Ұрлық сағат 10:00 мен 14:00 аралығында болған.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны ұсталды.
Ұсталған азамат мойындау көрсетпе белгілерін берді. Ол алдын-ала сол жауапкершілігі шектеулі серіктестікке клиент ретінде барып, ұрлауға келетін заттарды көрген.
Аталған дерек ҚР ҚҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.