Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық көлік жүргізу куәлігі жоқ бола тұра ГАЗельді ұрлап кеткен 

Ақмолалық көлік жүргізу куәлігі жоқ бола тұра ГАЗельді ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 ақпанда сағат 02:15 шамасында Астана – Петропавл автожолының 305 шақырымында патрульдеу маршрутында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде патрульдік полиция батальонының «Тұлпар 11» экипажының қызметкерлері Құсайынов Ерлан мен Әлиханов Асанәлі Зеренді ауданының 32 жастағы тұрғынының басқаруында болған, шетелдік есепте тұрған ГАЗель автокөлігін тоқтатқан. ГАЗель жүргізушісі полиция қызметкерлерінің назарын көлік жүргізу әдісімен аударған. Көліктің соңынан ерген полиция жүргізушіден тоқтауды сұраған.

Сонымен қатар ГАЗельдің соңынан жүріп келе жатқан көліктің жүргізушісі тәртіп сақшыларына бұл көліктің жүргізушісі бағдаршамдардың бірінде тыйым салынған белгіден жүріп өткенін айтты.

Бұл жайтты Көкшетау қаласы полиция басқармасының ЖБО бейнебақылау камералары да тіркеді.

Жүргізушіден шыққан алкогольдің иісін сезген полицейлер оны көлік құралын басқарудан шеттетті. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізуші «орта» дәрежелі мас күйінде болған. Тексеру барысында ақмолалықтың көлік құралын басқару қуәлігі жоқ екендігі де анықталды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы), сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы 1-бөлігі бойынша (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай өту) әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қамалды.

Кейін көліктің облыс орталығындағы Абай көшесіндегі қонақ үйлердің бірінің жанынан ұрланғаны белгілі болды. 19 ақпан күні таңертең Көкшетау қаласының полиция басқармасына елордада тұратын Ресей Федерациясының азаматы көлігінің ұрланғаны туралы өтініш білдірді.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Автокөлікті заңсыз иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру