Қызылордада жұмысқа тұрғызуға уәде берген алаяқ ұсталды
Қызылордада жұмысқа тұрғызуға уәде берген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 ақпан күні алаяқтың құрбаны болған қала тұрғыны Қызылорда қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп арызданған. 25 жастағы жәбірленуші өзінің арызында алаяққа алданғанын көрсеткен. Өткен жылдың шілде айында «медбике қызметіне орналастырып беремін деп уәде еткен танысы 770 мың теңге көлемінде ақшасын алған.
Бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысқа орналастырылу мәселесі шешімін таппағандықтан жәбірленуші полицияға арыздануға мәжбүр болған.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 36 жастағы әйел адам ұсталды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтап жатыр.