Павлодарлық жедел уәкілдер тонау мен алаяқтық жасады деген күдіктіні құрықтады
Павлодарлық жедел уәкілдер тонау мен алаяқтық жасады деген күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодардағы қонақ үй кешендерінің бірінде облыс орталығы мен Ақсу қаласының аумағында мүліктік қылмыс жасады деп күдіктелген 37 жастағы азамат ұсталды.
– Күдіктінің танымал әлеуметтік желілер арқылы мүлікті сату немесе сатып алу туралы хабарландыру жасаған құрбандарын таңдағаны анықталды. Сатып алушының немесе сатушының сылтауымен жәбірленушілермен кездесіп, алдау арқылы қолма-қол ақшаны немесе мүлікті ұрлап кеткен. Егер алдау арқылы ұрлау мүмкін болмаса, күдікті мүлікті ашық түрде ұрлап кеткен, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полициясының бастығы Балғабай Қапаров.
Белгілі болғандай, ұсталған адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін істі болған. 2004 жылы Павлодар қаласының сотымен күдікті кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Босатылғаннан кейін ол түзету жолына түспеген және облыс аумағында қасақана қылмыс жасаған.
– Қазіргі уақытта жедел уәкілдер ұсталған адамның үш алаяқтық фактісіне және екі тонауға қатысы бар екендігін анықтады. Сонымен қатар полицейлер ұсталған адамның әрекетінен зардап шеккен басқа жәбірленушілерді де анықтап жатыр. Күдікті Павлодар қаласы ПБ УҰИ-ға қамауға алынды.
Осы фактілер бойынша ҚР ҚК – нің 190 (Алаяқтық) және 191-баптары (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деп атап өтті Балғабай Қапаров.