Алғыс айту күні қарсаңында Қостанай облысы ПД жанындағы ККО өкілдеріне куәліктер табысталды
Алғыс айту күні қарсаңында Қостанай облысы ПД жанындағы ККО өкілдеріне куәліктер табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков алғыс айту күні қарсаңында консультативтік кеңесші орган өкілдеріне куәлік табыс етті. Сонымен қатар ол ККО құрамы бұрынғы құрамның өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты жаңартылғанын атап өтті.
– Бүгінде жұртшылықтың полиция қызметіне қатысуын асыра бағалау қиын. Ішкі істер органдары жұмысының барлық салалары азаматтық бақылауда. Бұл полиция қызметінің ашықтығын арттырады және азаматтар мен полиция арасындағы шынайы сенімді, серіктестік қатынастарды құруға қызмет етеді. Қазірдің өзінде тәртіп сақшылары қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерінде бұл қолдауды сезініп жатыр, – деп атап өтті Ерлан Омарбеков.
ККО төрағасы, ІІО ардагері Сәрсенғали Аралбаев құқықтық қоғам ең алдымен азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде құрылатынына сенімді.
ККО өкілдері 2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасына және «Үлгілі полиция мәдениетін қалыптастыру» тұжырымдамасына ұсыныстар енгізу бойынша белсенді қатысатынын атап өткен жөн. Осы маңызды құжаттардың негізгі міндеттері құқықтық тәртіп мәселелерін шешудің оңтайлы жолдарын іздеу, сондай-ақ полиция жұмысын өзгерту шаралары болып табылады.
Осы бағыттарды іске асыру бөлігінде халықты қолдау жалпыға ортақ парадигманы өзгертуге мүмкіндік береді.