Семейде төрт күн ішінде 780-нен астам жүргізуші жауапқа тартылды
Семейде төрт күн ішінде 780-нен астам жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Қауіпсіз жол» ЖПІШ аясында төрт күнінде патрульдік полиция қызметкерлерімен жолда жүру ережелерін бұзған 780-нен астам көлік жүргізушісі анықталды. Олардың ішінде масаң күйде автокөлік басқарған – 10 жүргізуші, басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқарғаны үшін – 2 жүргізуші, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін – 105, заңсыз қайта жабдықтау бойынша – 14, техникалық тексерістен өтпеген – 26 жүргізуші, рөлде телефон пайдаланғаны үшін – 47 жүргізуші, бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өткені үшін – 16 жүргізуші жауапкершілікке тартылса, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің жол жүрісі ережелерін бұзуы бойынша – 105 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, өзге де бұзушылықтар саны – 325.
Семей қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының мәліметінше қалада жыл басынан бері 5722 жол қозғалысы ережесін бұзушылық анықталған.
– Оның негізгі себептері – қозғалыс ережелерін елемеу, жүргізушілердің жылдамдықты рұқсат етілген шектен асыруы, көлікті мас күйде тізгіндеу, басып озу ережелерін бұзу, қарсы жолаққа шығу. Тұрғындардың ақауы бар көлікті жүргізуі де жол апаттарына әкеліп соғып жатады. Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің ережелерді сақтамауы салдарынан болатын оқыс оқиғалар жиілеп кетті.
Осы ретте, тәртіп сақшылары жұртшылыққа жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жолда әрдайым абай болу қажеттігін ескертеді, – деді Семей қаласы ПБ ППБ командирі Мерхат Калелов.