Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерекшеленген Ақмола полицейлері марапатталды

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерекшеленген Ақмола полицейлері Алғыс айту күні марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 наурыз күні «Достар» мәдениет үйінің сахнасында Алғыс айту күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерекшеленген, сондай-ақ атына азаматтардан алғыс хаттар келіп түскен Ақмола полициясының қызметкерлерін облыс әкімі Ермек Маржықпаев марапаттады.

Құқық қорғау органдарына арнаған сөзінде өңір басшысы мінсіз қызметі мен Отанымызға деген адалдығы, облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында аса маңызды міндеттерді шешуде нағыз патриотизм мен ұйымшылдық танытқаны үшін ризашылығын білдірді. Ермек Маржықпаев полиция қызметкерлерінің қызметтік борышын адал атқарып, азаматтардың өмірін сақтап, қиын өмірлік жағдайларда көмек пен қолдау көрсеткен бірнеше мысалдар келтірді.


Іс-шараның шарықтау шегі ерекше көзге түскен полицейлерді марапаттау рәсімі болды. Облыс әкімінің атынан құқықтық тәртіптің 25 қызметкері Алғыс хат алды, олар патрульдік полиция және учаскелік инспекторлар, тергеушілер.

Полиция департаментінің барлық жеке құрамының атынан Е.Маржықпаевқа тұрақты қолдау мен көмек көрсеткені үшін жергілікті атқарушы органдарға алғыс сөздерін бірінші басшы Думан Таев білдірді.

– Соңғы жылдары департаменттің материалдық-техникалық базасы едәуір нығайтылды, автопарк толықтырылып жатыр. Құқықтық тәртіп бұзушылықтарға жедел ден қою үшін заманауи технологиялар табысты енгізіліп жатыр. Мұның бәрі облыс әкімінің өңірдегі ірі құқық қорғау органын үнемі жетілдіруге жеке мүдделілігінің арқасында мүмкін болды.

Біздің патрульдік жасақтарымыз жолдарда қиын жағдайға тап болғандарға бірінші болып көмекке келеді, ал жедел уәкілдер мен тергеушілер қылмыстарды ашу және тергеу кезінде өздерінің кәсібилігін дәлелдейді.

Бұл – департаменттің жеке құрамының өз қызметтік міндеттерін адал атқаруының жарқын айғағы және халық тарапынан біздің жұмысымызға жоғары баға беруі, – деп атап өтті Думан Таев.

Тәуелсіздік жылдарында қызметтік борышын адал атқарғаны, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жолын кесу кезіндегі жанқиярлығы үшін 2 және 3 дәрежелі «Айбын» ордендерімен, 20 Ақмола полицейі «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды, олардың алтауы қайтыс болғаннан кейін марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру