Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жазасын өтеуші мекеме психологына өлең арнады

Қызылорда бойынша ҚАЖД №37 мекемесінде жазасын өтеуші мекеме психологына өлең шумақтарын арнады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түзеу мекемесіне жаңадан келген сотталғандармен бірінші күннен бастап әңгіме өткізіледі, бостандықтағы өмірге деген дайындық басталады. Мұнда психологтың рөлі аса маңызды. Мекемедегі сотталғандармен жиі тренингтік сабақтар, топтық және жеке психокоррекциялық жұмыстар: жеке психологиялық кеңес беру: психопрофилактикалық іс-шаралар жүзеге асырылады.

Осы ретте №37 мекемесінің А. есімді жазасын өтеуші бүгінгі Алғыс айту мерекесіне орай мекеме психологы Ақгүл Амановаға жылы лебіз шумақтары арқылы алғысын білдірді.

– Бүгінгі келіп жеткен мерекемен барлықтарыңызды құттықтаймын! Тура жолдан шалт басып, қателік жасағаныма өте қатты қапалымын. Осы мекемеге келгенде өте қатты күйзелісте болдым, тіпті өз-өзімді жек көріп кетуге сәл қалдым. Алайда, мені күйзеліске түсірмей, барынша қолдау көрсетіп, бостандықтан кейінгі өмірге тәрбиелеген мекемедегі психолог Ақгүл ханымға алғысымды білдіремін, – деді сотталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру