Алматылық бойжеткен өзін ренжіткендерді қолға түсірген полицейлерге алғысын білдірді
Алматылық бойжеткен өзін ренжіткендерді қолға түсірген полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
К. есімді азаматшаның айтуынша, белгісіз бес азамат оны тонап кеткен.
Содан кейін, олардың екеуі қызды қорлаған.
– Өзімнің жағдайыма қарамастан мен полицияға көмек сұрап жүгіндім. Бір күннен кейін бес күдікті де ұсталды және қамауға алынды. Мен Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің басшылығы мен жеке құрамына кәсіби біліктілігі, нақтылығы, адамгершілігі үшін алғысымды білдіремін. Сол сәтте олардың қолдауы мен үшін маңызды болды. Полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз, – дейді Алматы қаласының тұрғыны.
Бөлімшенің мәліметінше, тонау және зорлау деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық іс бойынша басқа да мәліметтер ҚР ҚПК-нік 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.