Алматы қаласы бойынша ҚАЖД қызметкерлері қару жасырылған орынды тапты
Алматы қаласы бойынша ҚАЖД қызметкерлері қару жасырылған орынды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті №72 мекемесінің жедел қызметкерлері Алматы қаласы Наурызбай ауданының Қарағайлы шағын ауданынан Макаров тапаншасын тапты.
Алматы қаласы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен бірге жедел ақпарат бойынша атқарылған іс-шараның нәтижесінде бұталардың арасынан табылған қаруға қатысты қазір тексеру-тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Табылған Макаров тапаншасының өткен жылғы қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысы полиция департаментінен ұрланған деген болжам бар.