Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі қызылордалық заңсыз балық аулағаны үшін ұсталды

Екі қызылордалық заңсыз балық аулағаны үшін ұсталды, -деп хабарлайды Polisia.kz.

1 наурыз күні сағат 14:30 шамасында Қызылорда облысы ПД табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторлары және «Арал-Сырдария» балық шаруашылық инспекциясы, «Охотзоопром» қызметкерлерімен бірлесіп Шиелі ауданында Сырдария өзенінде резеңке қайықпен заңсыз балық аулаған 35-32 жастағы екі аудан тұрғыны анықталды.

Оқиға орнында шаңышқы құралына оралған тоқ сымдары, аккумулятор, ау, резеңке қайығы алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабының 3-бөлігімен (Заңсыз балық аулау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Ұсталғандар полиция бөліміне жеткізілді және олардан ІІО-ға келу туралы міндеттеме алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру