Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық полицейлер көліктен сөмке ұрлаған азаматты әшкереледі

Астаналық полицейлер көліктен сөмке ұрлаған азаматты әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есіл ауданының полиция басқармасына қала тұрғынынан белгісіз біреудің Hyundai Tucson автокөлігінің артқы жолаушылар терезесін сындырып, әмиянын жасырын түрде алып кетіп, 350 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілгені туралы хабарлама келіп түскен.

Жәбірленушінің айтуынша, түн жарымдар шамасында ол Қарасал Ерімбет көшесіндегі дәмханаға тамақ ішу үшін келген. Алайда, мекемеден шыққан кезде ол көлігінің зақымданғанын, сондай-ақ салоннан сөмкенің жоқ екенін, онда қолма-қол ақша, құжаттар, банк карталары және сымсыз құлаққаптар болғанын айтқан.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында сол күні 25 жастағы жас жігітті анықтады. Ұрланған сөмке күдіктіден тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Қазіргі таңда анықталғанға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта оның елорда аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру