Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада тергеу изоляторындағы сотталушыға әкелінген күртешеден есірткі табылды

Қызылордада тергеу изоляторындағы сотталушыға әкелінген күртешеден есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің сәлем – сауқат қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлердің қырағылық танытып, өз қызметіне жауапкершілікпен қарауы нәтижиесінде тиым салынған заттың ішке кіріп кетуіне жол берілмеді.

Сәлем сауқаттарды қабылдау бөлмесінің бақылаушы қызметкері ҚР ҚК-нің 306-бабының 3- бөлігімен қамауда отырған айыпталушыға келген С. есімді азаматтың әкелген сәлемдемесінің арасынан шыққан күртешені өлшеу барысында салмағының тұрақсыздығына күдіктенеді. Бірден «102» арнасына хабарласып, мекемеге Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.

Күмән тудырған күртешенің астарын тіліп, тексеру барысында арнайы тігілген мата қалталарға салынған жасыл түстес есірткі заты табылды. Сот сараптамасының зерттеу нәтижесінде жалпы салмағы 123,13 грамм кептірілген марихуанна екендігі анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру