Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісай полицейлері жалға алған пәтерден ұрлық жасаған күдіктіні анықтады

Жетісай полицейлері жалға алған пәтерден ұрлық жасаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның үйін жалға алған жас жігіт тұрмыстық және құрылысқа қажетті құрал-жабдықтарын жымқырып, 900 мы4 теңгеге жуық шығын келтірген. Үйін сеніп тапсырған жалға алушымен байланыса алмаған тұрғын полицейлерден көмек сұрады.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.

Ақпарат алысымен полицейлер ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні құрықтауға іске кірісті. Куәлардан жауап алып, жүрген жерін анықтады. Астана қаласынан жеткізілген күдікті ұрлық жасағанын мойындады.

Анықталғандай, ол үй иесі екі айдай уақытқа Алматыға кеткенде, арам ойын іске асырған. Яғни, жәбірленуші құлыптап кеткен бөлмеге ұрлыққа түскен. Содан ұрланған заттардың бір бөлігін сатып, ақшасын жаратып жіберген. Іс бойынша айғақты заттардың бір бөлігі алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру