Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері мәслихат депутатымен кездесті

Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері мәслихат депутатымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №57 мекемесінің қызметкерлері облыстық мәслихат депутаты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Ерік Абитовпен және «АМАNAT» партиясы Алматы облыстық филиалының партиялық бақылау жөніндегі инспекторы Тимур Нукебаевпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жемқорлыққа қатысты бірнеше өзекті мәселелер қозғалып, «АМАNAT» партиясының атқарылып жатқан жұмыстары жайлы мәлімет берілді.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ic-қимыл мәселесі әрдайым мемлекет басшысының катаң бақылауында. Бұл мәселе саяси күн тәртібіндегі негізгі бағыттардың бірі. Аталған бағытта тек сыбайлас жемқорлықка қарсы қызметтің күш-жігері жеткіліксіз. Заңға сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар тиісінше шаралар қабылдау қажет. Бұл – Заң мен халық талабы, – деп атап өтті облыстық мәслихат депутаты Ерік Абитов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру