Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер кәсіпорыннан темір ұрламақ болғандардың жолын кесті

Қарағандылық полицейлер кәсіпорыннан темір ұрламақ болғандардың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі сағат 23.40 шамасында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Теміржол полиция бөліміне белгісіз біреулер Қарағанды-Сұрыптау станциясының мекемесінің кәсіпорнынан темір ұрлап жатқандықтары туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «ізін суытпай» 27 жастағы азаматтың басқаруындағы ГАЗель автокөлігі тоқтатылды. Тәртіп сақшыларымен көлікке жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында көліктен теміржол рельстері тәркіленіп алынды. Жәбірленуші тарап күдіктіден келген шығынды 6,4 млн теңгеге бағалады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188 бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қылмысқа қатысты басқа да күдіктілерді анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру