Ақтөбе облысының полицейлері аккумулятор ұрлаған күдіктілерді қолға түсірді
Ақтөбе облысының полицейлері аккумулятор ұрлаған күдіктілерді қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
К.Нокин ауылында ЖШС аумағынан гаражда тұрған үш КамАЗ жүк көлігінен алты аккумулятор мен қуаттандырғыш ұрланған. Қылмыс наурыз айында болған.
10 сәуірде полиция қызметкерлері «Автомобиль» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында үш күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Алдын ала тергеу барысында күдіктілер ұрланған аккумуляторлық батареяларды аккумулятор сататын дүкенге тапсырғаны анықталды. Қазіргі уақытта заттай дәлелдемелер тәркіленді.
ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде және күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.