Астаналық тұрғын бизнес орталықтағы бардан iPhone 14 ұрлап кеткен
Астаналық тұрғын бизнес орталықтағы бардан iPhone 14 ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есіл ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында құны 450 мың теңге тұратын iPhone 14 маркалы телефонды ұрлауға қатысы бар 48 жастағы ер адамды анықтады.
Күндізгі уақытта ер адам бизнес орталығында орналасқан барда болған. Бардың кассасына жақындаған кезде столда жатқан ұялы телефонды көрген. Барменнің назары басқа жақта екенін байқап, телефонды алып, қалтасына салып, кетіп қалған.Ер адам мойындау көрсетпелерін берді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Жеке мүлікті ұрлау – қылмыстың ең көп таралған түрі. Ұрылардың құрбаны болмас үшін құнды заттарды қараусыз қалдырмаңыз, бейтаныс адамдарға сенбеңіз.