Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық тұрғын қарағандылық азаматтың терминалда қалып қойған ақшасын ұрлап кеткен

Ақмолалық тұрғын қарағандылық азаматтың терминалда қалып қойған ақшасын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 сәуір күні Ақмола облысы полиция департаменті бастығының атына Қосшы қаласы басқармасының қызметкерлеріне алғыс хат келіп түсті.
Қарағанды облысының тұрғыны өзіне тиесілі ақшаны ұрлап кеткен қаскүнемді жедел ұстаған полицейлерге алғысын білдірді.

Оқиға 15 сәуір күні ер адам жұмыстан оралып, Magnum СҮ-дегі Kaspi терминалы арқылы несие төлеп жатқан кезде болған.

Ер адамның айтуынша, ол қарыздың негізгі сомасын төлеуге дайындап, банкомат пернетақтасының жанында банктік карталарды оқу құрылғысында қалдырған және осы уақытта әмияннан қалған ақшаны алып шығып жатып белгісіз адамға жол берген, ол кеткеннен кейін өзінің ақшалай қаражатының жоғалғанын байқаған. Залал сомасы 80 мың теңгені құрады. Ер адам бірден полицияға жүгінді.

Айта кету керек, күдіктінің барлық әрекеттері сауда үйінде және ғимараттың периметрі бойынша сыртта орнатылған бейнебақылау камераларына түскен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру