Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сайрамда пәтер жалдаған азаматша үй иесін 1,5 млн теңгеге алдаған

Сайрамда пәтер жалдаған азаматша үй иесін 1,5 млн теңгеге алдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып, шағым түсірді. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, телефонына қарызды төлеу туралы банк хабарламасы келгенін, алайда өзінің несие алмағанын мәлімдеді. Келтірілген шығын көлемі 1,5 млн теңгеге жуық екені анықталды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. 

Полицейлер алаяқтық қылмысын ашу үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Бір тәулік ішінде полицейлер күдіктінің кім екенін анықтады. Ол жәбірленушінің үйінде тұратын пәтер жалдаушы әйел болып шықты.

Ол үй иесінің сеніміне кіріп, телефонын алдап сұрап алып, банк қосымшасы арқылы 700 мың теңге несие рәсімдеген. Одан бөлек банк есеп шотындағы қаржыны өзіне аударып, қажетіне жұмсаған. Сондай-ақ мобилдік қосымша арқылы 470 мың теңге несие алып және бұдан бөлек тағы да онлайн желілерденде екі несие алып, үй иесімен бірге түк болмағандай төрт ай бірге тұрып келген.

Бүгінде кінәсін мойындаған күдікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру