Ақтөбе облысының полицейлері велосипед ұрлаған күдіктіні ұстады
Ақтөбе облысының полицейлері велосипед ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 сәуірде Ақтөбе қаласы Алматы ауданының Қарғалы ауылында 49 жастағы тұрғынның үй кіреберісінде тұрған балалар велосипеді ұрланды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында учаскелік полиция инспекторы 54 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол велосипедті металл қабылдау пунктіне тапсырғанын айтты. Заттай дәлел тәркіленді.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін Ақтөбе облысы полиция департаменті велосипедті қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
– Велосипедті бір минутқа қалдырсаңыз да, оны байлап қойыңыз. Егер мүмкіндік болса, велосипедті қауіпсіздік камералардың жанына қалдыру қажет. Сондай-ақ баспалдақ алаңы, тіпті жабық болса да, велосипедті сақтаудың ең жақсы тәсілі емес екенін ұмытпаңыз. Сақ болыңыз және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз! Мүлікті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолданыңыз, – деп ескертеді полицейлер.