Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семей тұрғыны ұрланған велосипедті тауып берген полицейлерге алғысын білдірді

Семей қаласының тұрғыны ұрланған велосипедті қайтаруға көмектескен Абай облысының тәртіп сақшыларына алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 сәуір күні Семей қаласының полиция басқармасының «102» арнасына жергілікті тұрғын жүгініп, оның кәмелетке толмаған ұлының велосипедын ұрланғаны туралы хабарлады.
Мән-жайын анықтау барысында велосипедті тебуге алып қайтармағаны анықталды.

Полицейлер тәртіп бұзушыны анықтады, ол сол ауданда тұратын 9 жасар кәмелетке толмаған болып шықты.

Екі дөңгелекті көлік заңды иесіне қайтарылды, құқық бұзушымен оның заңды өкілдерінің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

– Сәлеметсіздер ме? Бүгін біздің отбасымыз қиыншылыққа тап болды. Ойын алаңынан менің ұлымның (суретте) велосипеді ұрланды. Волосипед жаңа, каратэден «Абай open» чемпионатында жеңіске жеткені үшін сыйлық ретінде берілген. Ұлымның өзі «102» пультіне жүгінді. Затон АІІБ қызметкерлері – Тұрмынов Елдос пен Әкімжанов Армия жедел әрекет етті. Олармен бірге тағы екі қызметкер болды. Олардың есімі есімде жоқ. Олардың кәсібилігі мен жедел әрекет еткендері үшін алғыс айтамыз! Олар жаңа Қазақстанның нағыз полицейлерінің үлгісі. Сіздерге қызмет үшін рақмет! Сіздерге, сіздердің отбасыларыңызға және әріптестеріңізге осы қасиетті ай мен мерекеде бейбітшілік тілейміз, – деп Абай облысы ПД-ның ресми сайтына балақайдың әкесі жазба қалдырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру