Түркістан облысының полицейлері ұрланған аккумуляторларды иесіне қайтарды
Түркістан облысының полицейлері ұрланған аккумуляторларды иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, түнгі уақытта үйінің ауласында тұрған Т-150 тракторының екі аккумуляторын белгісіз біреу ұрлаған.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды.
Тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орындары мұқият тексерілді. Полицейлер куәгерлерден жауап алып, жақын аймақтарды аралап шықты. Нәтижесінде тәулік ішінде қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтады. Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт болып шықты.
Белгілі болғандай, күдікті жас жігіт тұрғынның екі аккумуляторын ұрлап, жәбірленушіге 170 мың теңгеден астам шығын келтірген. Ол бөтеннің мүлкін сатып, өз пайдасына жаратып жіберген. Полицейлер аталмыш аккумуляторды айғақты зат ретінде тәркілеп, иесіне қайтарды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.