Ақмола облысында жұмысшының қаза болу дерегі бойынша тергеу басталды
Ақмола облысында жұмысшының қаза болу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 сәуір күні Зеренді аудандық полиция бөліміне аудан ауылдарының бірінде Көкшетау қаласының 55 жастағы тұрғыны электр тоғымен зақымданғаны және оқиға орнында қайтыс болғаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті.
Ер адамның жергілікті станцияда жұмыс істегені белгілі болды.
Аталған дерекке қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қайғылы оқиғаның барлық жағдайлары анықталып жатыр.